01 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП KASE_BM* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМІ 64 АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАДЫ

31.08.23 11:57
/KASE, 31.08.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады: 1) KZ2C00009843 (KAFIb13) "ҚазАгроҚаржы" АҚ; 2) KZ2C00008738 (KFUSb43) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ; 3) KZ2C00009462 (KFUSb54) "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ; 4) KZ2P00009772 (MFKMb3) "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС; 5) KZ2C00009769 (MFOKb11) "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ; 6) KZ2P00008162 (MFOKb2) "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ. Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімдерді қайта қарайды: 1) негізгі алаң (KASE_BM* сериясы) - KASE_BMC таза баға индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) баламалы алаң (KASE_BA* сериясы) - KASE_BAC таза баға индексі және KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2023 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілеттік тізімі 64 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BA* сериялы индикаторлар тізіміне қосу үшін баламалы алаңның облигациялары жоқ. Естеріңізге сала кетейік, KASE_BA* сериясының индикаторларын есептеу аталған индикаторларды есептеу үшін өкілеттік іріктеменің болмауына байланысты 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кемінде төрт болуы тиіс. Көрсетілген тізімдерді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf. [2023-08-31]