"Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ-ның жалғыз акционері компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

31.08.23 11:31
/KASE, 31.08.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ (Алматы) оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 28 тамызындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады: - компанияның 2022 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу, таза кірісті компанияның дамуына бағыттау. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ORPT/orpt_decision_sole_280823_733.pdf [2023-08-31]