"RG Brands" АҚ акционерлері компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

28.08.23 15:02
/KASE, 28.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігі бекітілсін; - таза кірісті бөлмеу, сонымен қатар компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_special_shareholders_meeting_results_210823_111.pdf [2023-08-28]