"Кристалл Менеджмент" АҚ акционерлері компанияның 2023 жылға аудитін жүргізу үшін "Эрнст энд Янг" ЖШС анықтады

24.08.23 10:26
/KASE, 24.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 17 тамызында өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде "Эрнст энд Янг" ЖШС-ні компанияның 2023 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым деп анықтау туралы шешім қабылдады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_results_170823_.pdf [2023-08-24]