"Fincraft Resources" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы

23.08.23 17:00
/KASE, 23.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Resources" АҚ (Алматы) акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылдың 21 тамызындағы шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады: - шығарылды: Иванов А.В. – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Коспанов Е. – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; - сайланды: Тастанов Е.А. – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Морозов А.Н. – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Fincraft Resources" АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Рақышев К.Х., Мұқажанов Б.А., Мыңжанов П.А., Морозов А.Н., Тастанов Е.А. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SATC/satc_board_changes_210823_110.pdf [2023-08-23]