/KASE, 14.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Алтыналмас АК" АҚ (Алматы) акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылдың
31 шілдесіндегі шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай
өзгерістер енгізілгенін KASE хабарлады:
- шығарылды: Қанашев Д.Б. – Директорлар кеңесінің мүшесі;
- сайланды: Жұманбаев В.В. – Директорлар кеңесінің төрағасы, Scott Douglas
Morrison – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, David Connal
Cather – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Маханов Б.Б. –
Директорлар кеңесінің мүшесі.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Алтыналмас АК" АҚ Директорлар
кеңесінің құрамы төрт адамнан тұрады: Жұманбаев В.В., Scott Douglas
Morrison, David Connal Cather, Маханов Б.Б.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_board_changes_310723_1772.pdf
[2023-08-14]