11 тамыздан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылды

11.08.23 11:10
/KASE, 11.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 11 тамызынан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00009843 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb13; 1 000 теңге; 20,0 млрд теңге; 12.07.23 – 12.07.30; жартыжылдық купон, жылдық 19,25%; 30/360) "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылғаны туралы хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. [2023-08-11]