11 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды

11.08.23 11:00
/KASE, 11.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 11 тамызындан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00009843 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb13) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы қайта басталғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2023 жылдың 04 тамызынан бастап тоқтатылған. Аталған облигациялармен сауда-саттық 2023 жылдың 08 тамызында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тіркеген облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды KASE алуына байланысты қайта басталды. Көрсетілген облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-ресурсында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/KAFI/kafif9_KAFIb13_izm_080823.pdf [2023-08-11]