21 қыркүйекте "Кристалл Менеджмент" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

10.08.23 11:07
/KASE, 10.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 қыркүйегінде сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін KASE-ге хабарлады: - қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - Astana International Exchange ресми тізімінен қоғамның KZ1C00001486 (CRMG) жай акцияларының ерікті делистингі туралы; - қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хатшысын сайлау туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_info_210923_pdf [2023-08-10]