19 қыркүйекте "Кристалл Менеджмент" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

09.08.23 11:28
/KASE, 09.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 19 қыркүйегінде оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібімен өтетінін KASE-ге хабарлады: - қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - қоғамның 2023 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы; - қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының хатшысын сайлау туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_info_190923_.pdf [2023-08-09]