"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады

01.08.23 18:00
/KASE, 01.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған 2023 жылдың 01 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өндірістік нәтижелерін жариялайды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік нәтижелер: - мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,1%-ға өсті және 11 860 мың тоннаны құрады; - мұнай тасымалдау көлемі 5,8%-ға артып, 39 309 мың тоннаға жетті; - Қазақстан және Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,0%-ға өсіп, 10 109 мың тоннаға жетті. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_010823_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_010823.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_010823_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-08-01]