31 шілдеден бастап "RG Brands Kazakhstan" ЖШС KZ2P00009970 (RGBRb2) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

31.07.23 17:05
/KASE, 31.07.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 31 шілдесінде RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы) KZ2P00009970 (RGBKb2; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 20,00%, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 31 шілдесінен бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/RGBKb2/ [2023-07-31]