"КоЖаН" АҚ жалғыз акционері компанияның 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

28.07.23 12:16
/KASE, 28.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КоЖаН" АҚ (Атырау) KASE-ге оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 24 шілдесіндегі шешімдері туралы хабарлады. Акционер, оның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылғы таза табысы 24 315 333 000 теңге мөлшерінде бөлінбесін және компанияның бөлінбеген табысында қалдырылсын, 2022 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KOZN/kozn_decision_sole_240723_495.pdf [2023-07-28]