KASE Листингтік комиссиясы "ID Collect (АйДи Коллект)" коллекторлық агенттігі" ЖШС KZ2P00009889 (IDCOpp2) облигацияларын "Жеке орналастыру"алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

21.07.23 17:04
/KASE, 21.07.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 21 шілдесінде "ID Collect (АйДи Коллект)" коллекторлық агенттігі" ЖШС (Алматы) KZ2P00009889 облигацияларын ($50 000, $7,0 млн, 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 13,50%; 30/360) "Жеке орналастыру "алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға IDCOpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-07-21]