"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызметтің нәтижелері туралы хабарлайды

17.07.23 15:17
/KASE, 17.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 17 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың І жартыжылдығында өндірістік қорытындылар шығарды. Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке 21 млн 353 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 1 млн 394 тоннаға артық. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 214 мың тоннаға төмендеп, 8 млн 816 мың тоннаны құрады.Оның ішінде: "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 2 млн 857 мың тонна мұнай," ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – 2 млн 767 мың тонна мұнай,"Павлодар мұнай – химия зауыты" ЖШС – 2 млн 776 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM" БК" ЖШС – 415 мың тонна мұнай жеткізілді. "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 945 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы І жартыжылдықтың көрсеткішінен 713 мың тоннаға артық. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_170723_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_170723.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kcel_relizs_170723_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-07-17]