"ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесі жалғыз акционердің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен компанияның 20,0 млн жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады

17.07.23 14:43
/KASE, 17.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KASE-ге Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 10 шілдесіндегі компанияның жалғыз акционері акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын сату жолымен компанияның бір акциясы үшін 1 000 теңге орналастыру бағасы бойынша компанияның 20,0 млн жарияланған жай акцияларын орналастыру шешімі туралы хабарлады. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_info_reshenie_sd_100723_2373.pdf [2023-07-17]