"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

13.07.23 15:07
/KASE, 13.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 03 шілдесіндегі шешімімен Ә.А. Әділкерімов компанияның Басқарма құрамынан шығарылғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Самұрық-Энерго" АҚ Басқармасы төрт адамнан тұрады: Ивченко Е.Д., Максутов К.Б., Рыскулов А.К., Тургамбаев Р.Е. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_board_changes_030723_1759.pdf [2023-07-13]