15 тамызда "Кристалл Менеджмент" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

12.07.23 11:37
/KASE, 12.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) KASE-ге 2023 жылдың 15 тамызында акционерлердің күн тәртібіне жеті мәселе енгізілген жылдық жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтетінін хабарлады, оның ішінде: - қоғамның 2022 жылғы қаржылық есептілігін бекіту туралы; - 2022 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекіту туралы; - қоғамның таза табысын 2022 жылдың қорытындысы бойынша бөлу тәртібін және 2022 жылғы дивиденд мөлшерін қоғамның бір жай акциясына есептегенде бекіту туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_info_150823_.pdf [2023-07-12]