12 шілдеден бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) және KZ2C00009850 (KAFIb14) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

12.07.23 09:15
/KASE, 12.07.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының Листингтік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 11 шілдесінде негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) мынадай облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00009843 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360); - KZ2C00009850 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360). Листингтік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 12 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/issuers/KAFI/ сілтемесі бойынша жарияланатын болады. [2023-07-12]