"ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13) және KZ2C00009850 (KAFIb14) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг рәсімінен өтті

11.07.23 17:20
/KASE, 11.07.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингтік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 11 шілдесінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) мынадай облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00009843 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360); - KZ2C00009850 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 7 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360). Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 29 наурызында жалпы сомасы 200,0 млрд теңгеге тіркеген "ҚазАгроҚаржы" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші және үшінші болып табылады. "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларға сәйкесінше KAFIb13 және KAFIb14 қысқартылған белгілері (сауда кодтары) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-07-11]