10 тамызда "First Heartland Jusan Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

11.07.23 11:41
/KASE, 11.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KASE-ге 2023 жылдың 10 тамызында сағат 12:00-де мынадай күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын хабарлады: - банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - банктің 2020 жылдың 20 қарашасындағы "АТФБанк" АҚ жай акцияларын атып алу-сату шартына оны жасауға мүдделілік бар мәміле, сондай-ақ банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың қатысуымен жасалатын мәміле болып табылатын № 3 қосымша келісім жасасуы; - банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; - банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін айқындау; - банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшерін және шарттарын айқындау; - банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау. Жиналыс туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_relizs_100723.pdf [2023-07-11]