"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың екінші тоқсанында Теңіз кен орнынан "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағытындағы мұнай экспортының көлемін 347,1 мың тоннаға дейін ұлғайтты

05.07.23 14:00
/KASE, 05.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 05 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы 2023 жылдың II тоқсанында Ақтау портындағы "ҚазТрансОйл" АҚ Теңіз кен орнынан "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағытында экспортқа 347,1 мың тонна мұнай жөнелтті. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың I тоқсанында осы бағыт бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ Теңіз кен орнынан экспортқа 19,2 мың тонна мұнай жөнелтті. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды ұлғайтуды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы "Баку–Тбилиси– Джейхан" мұнай құбыры бағытында Теңіз кен орнынан жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасасты. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтемелер бойынша орналастырылған: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_050723_2_kz.pdf –қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_050723_2.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_050723_2_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-07-05]