/KASE, 03.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "ЭКОТОН+" АҚ (Астана) жалғыз акционерінің 2023 жылдың 29 маусымындағы
шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық
есептілігі бекітілсін;
- компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер
төлемеу, 2022 жылдағы таза кіріс компанияның иелігінде қалдырылсын.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/EKTN/ektn_decision_sole_290623_198.pdf
[2023-07-03]