"Kaspi Bank" АҚ акционерлері жай және артықшылықты акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

29.06.23 12:38
/KASE, 29.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 маусымында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер, оның ішінде 2023 жылдың 23 маусымынан бастап банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша 2022 жылға бір акцияға 5 100 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_210623_134.pdf [2023-06-29]