"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 (KMGZ) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеудің аяқталғаны туралы хабарлады

27.06.23 10:29
/KASE, 27.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы Осымен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "ҚМГ ҰК") 2022 жылғы ҚМГ ҰК акциялары бойынша дивидендтер төлеудің аяқталғаны туралы хабарлайды. 1) Төлем күні – 2023 жылғы 26 маусым; 2) Акциялар бойынша осы дивидендтер төленген кезең: 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін; 3) Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері - 491,71 (төрт жүз тоқсан бір) теңге 71 (жетпіс бір) тиын; 4) Акционерлерге төленуге жататын дивидендтердің жалпы сомасы – 300 001 855 903,03 (үш жүз миллиард бір миллион сегіз жүз елу бес мың тоғыз жүз үш) теңге 3 (үш) тиын; 5) Акционерлерге нақты төленген дивидендтердің жалпы сомасы – 300 001 855 903,03 (үш жүз миллиард бір миллион сегіз жүз елу бес мың тоғыз жүз үш) теңге 3 (үш) тиын; 6) Осы сыйақыны төлеу үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін тіркеу күні: 2023 жылғы 31 мамыр 00 сағат 00 минут. дәйексөздің соңы Осы ақпарат орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_dividends_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_dividends_260623_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_dividends__1.pdf – ағылшын тілінде. [2023-06-27]