Мақсұтов К.Б. "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

23.06.23 14:56
/KASE, 23.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылғдың 14 маусымындағы шешімімен Қ.Б. Мақсұтов компанияның Басқарма Төрағасы болып тағайындалғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Самұрық-Энерго" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Мақсұтов К.Б., Ивченко Е.Д., Рысқұлов А.К., Тұрғамбаев Р.Е., Әділкерімов А.А. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_board_changes_140623_1621.PDF [2023-06-23]