"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытында өрт шыққанын хабарлады

23.06.23 10:36
/KASE, 23.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 22 маусымындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланған: дәйексөздің басы 2023 жылы 21 маусымда Румыниядағы Petromidia зауытында жеңіл гидрокрекинг қондырғысында (MHC) жүргізілген арнайы техникалық жұмыстардан кейін өрт шықты. Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де тұтанды. Кәсіпорын жұмысшылары болған жағдайды бірден өндіріс орнының құтқару қызметіне, сондай-ақ, диспетчерге хабарлады. Ол, өз кезегінде, қолданыстағы ережеге сай жергілікті билік өкілдерін хабардар етті. Зардап шеккендер жоқ. Барлық жұмысшылар дер уақытында эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар инспекциясының (ISU) арнайы көліктері келіп жеткенге дейін мұнай өңдеу зауытының өрт сөндірушілері тұтанған аудан көлемін шектеді. 2023 жылы 21 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де Petromidia зауытындағы өрт сөндірілді. Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. дәйексөздің соңы Баспрасөз мәлімдемесінің толық нұқсасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_220623_kz.pdf – қазақ тілінде. - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_220623.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_220623_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-06-23]