"Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

22.06.23 10:33
/KASE, 22.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылдың 14 маусымындағы шешімімен Қ.Б. Мақсұтов компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Казутин Н.Ю., Репин А.Ю., Қашқынбеков А.К., Жәркешов Е.С., Жұбаев А.С., Огай В.Д., Мақсұов К.Б. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_board_changes_140623_1619.PDF [2023-06-22]