"Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ акционерлері 2022 жылғы таза кірісті бөлмеу туралы шешім қабылдады

16.06.23 12:05
/KASE, 16.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе) 2023 жылдың 01 маусымында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - Компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылғы таза табысы 486 010 969 мың теңге мөлшерінде бөлінбесін; - 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_results_010623_21.pdf [2023-06-16]