16 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "RETAM" АИФН" АҚ KZ2C00009363 (RETMb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылды

16.06.23 11:15
/KASE, 16.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 маусымынан бастап KASE-де "RETAM" АИФН" АҚ (Алматы) KZ2C00009363 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты; RETMb1; 1 000 теңге, 6,5 млрд теңге; 15.03.23-15.03.30; тоқсандық купон, жылдық 30,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылғанын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/RETMb1/ [2023-06-16]