"ҚазАгроҚаржы" АҚ 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төледі

15.06.23 16:56
/KASE, 15.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) 2023 жылдың 14 маусымында жалғыз акционерге 2022 жылғы жай акциялар бойынша 10 309 686 954,27 теңге сомасына дивидендтер төленгені туралы хабарлады. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_other_accidents_140623_1995.pdf [2023-06-15]