"ТехноЛизинг" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы 2022 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

15.06.23 12:08
/KASE, 15.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ТехноЛизинг" ЖШС (Астана) жалғыз қатысушының 2023 жылдың 02 маусымындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Жалғыз қатысушы, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылғы қызмет қорытындысы бойынша 80 000 000 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу жүзеге асыылысын; - таза пайданың қалған бөлігі компанияның дамуына толық көлемде бағытталсын. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/THLZ/thlz_decision_sole_020623_632.pdf [2023-06-15]