"Каспий" тауар биржасы" АҚ-ның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

13.06.23 11:05
/KASE, 13.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Каспий" тауар биржасы" АҚ (Астана) компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды. 2022 жылдың 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен): ------------------------------------------------------ Көрсеткіш 31.12.22 31.12.21 ---------------------------------- --------- --------- Меншікті капитал 1 599 873 1 341 732 Жиынтық активтер 3 344 828 2 107 481 Жиынтық міндеттемелер 1 744 955 765 749 Сату көлемі 1 095 258 905 972 Жалпы табыс 697 818 717 523 Таза пайда (таза шығын) 258 062 220 286 Жай акцияның баланстық құны, теңге 165,92 85,58 ROA, % 7,72 10,45 ROE, % 16,13 16,42 ROS, % 23,56 24,31 ------------------------------------------------------ Компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Трастфинаудит" аудиторлық компаниясы" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерде "Каспий" тауар биржасы" АҚ мен оның еншілес компанияларының 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС- ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының қозғалысын анық көрсетеді. Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excsf6_2022_cons_rus.pdf [2023-06-13]