/ҚАЙТАЛАУ/ 2023 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМДА KASE САУДА-САТТЫҚ РЕГЛАМЕНТІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

12.06.23 09:00
/KASE, 12.06.23, 31.05.23, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-дегі сауда-саттық регламентіне 2023 жылдың маусымында мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды. 12 маусым күні Ресейде мереке күні болуына байланысты RUBKZT_TOD, RUBKZT_0_001 және RUBKZT_0_002 қаржы құралдарымен сауда-саттық жүргізілмейді. 19 маусым күні АҚШ-та мереке күні болуына байланысты келесі қаржы құралдарымен сауда-саттық жүргізілмейді: - USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDCNY_TOD; - USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M және USDKZT_0_01Y; - шетелдік эмитенттер шығарған және есеп айырысуы АҚШ долларымен саудаланатын ETF акциялары мен бағалы қағаздары. 22 және 23 маусым күндері Қытай Халық Республикасында мереке күндері болуына байланысты келесі қаржы құралдармен сауда-саттық жүргізілмейді: - CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD; - CNYKZT_TOM, USDCNY_TOM, EURCNY_TOM; - CNYKZT_SPT, USDCNY_SPT, EURCNY_SPT; - CNYKZT_0_001, CNYKZT_0_002. 28 маусым күні Қазақстанда демалыс күні болуына байланысты сауда-саттық жүргізілмейді, Қазақстанның қаржы нарықтары жабық болады. Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_ASTS.pdf [2023-06-12]