"Ай Қараауыл" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

06.06.23 15:26
/KASE, 06.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ай Қараауыл" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 29 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген (жеке және шоғырландырылған) қаржылық есептілігі бекітілсін - 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/AKRL/akrl_special_shareholders_meeting_results_290523_79.pdf [2023-06-06]