"Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) жалғыз акционері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

05.06.23 12:20
/KASE, 05.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) (Ұлытау обл.), өзінің жалғыз акционерінің 2023 жылдың 30 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған) бекітілсін; - компанияның 2022 жылғы таза пайдасының болмауына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMCP/kmcp_special_shareholders_meeting_results_300523_10.pdf [2023-06-05]