"ҚазАгроҚаржы" АҚ жалғыз акционері компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті

02.06.23 16:25
/KASE, 02.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылдың 30 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде, компанияның 2022 жылдағы 20 619 373 908,54 теңге мөлшерінде таза табысын бөлудің мынадай тәртібін бекітті: - 10 309 686 954,27 теңге мөлшеріндегі таза табыстың 50 %-ы дивидендтер төлеуге бағытталсын; - 10 309 686 954,27 теңге мөлшеріндегі таза табыстың 50 %-ы компанияның иелігінде қалсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_other_accidents_300523_1840.pdf [2023-06-02]