"Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ жалғыз акционері жай акциялар бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

31.05.23 12:10
/KASE, 31.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) жалғыз акционердің 2023 жылдың 25 мамырдағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлмеу, компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер есептемеу және төлемеу, таза кірісті одан әрі дамыту үшін компанияның иелігінде қалдыру. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASLF/aslf_decision_sole_250523_23.pdf [2023-05-31]