"Каспий" тауар биржасы" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

25.05.23 12:03
/KASE, 25.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Каспий" тауар биржасы" АҚ (Астана) 2023 жылдың 23 мамырында болып өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісін бөлмеу және 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_special_shareholders_meeting_results_230523_158.pdf [2023-05-25]