"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қызметтің нәтижелері туралы хабарлайды

26.04.23 11:00
/KASE, 26.04.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) 2023 жылдың 26 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда былай деп KASE-ге хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың I тоқсанының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ жеке магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 10 млн 348 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 591 мың тоннаға артық. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 47 мың тоннаға азайып, 4 млн 301 мың тоннаны құрады. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 1 млн 393 мың тонна, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС - 1 млн 285 мың тонна, "Павлодар мұнай - химия зауыты" ЖШС - 1 млн 467 мың тонна, "CASPI BITUM" БК" ЖШС-155 мың тонна жеткізілді. "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 409 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштен 141 мың тоннаға артық. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқас орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_260423_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_260423.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_260423_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-04-26]