"ЛОТТЕ Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
25.04.23 11:40
/KASE, 25.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD болып
табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 95,57 %) бар.
[2023-04-25]