21 сәуірден бастап "АРКАДА ИНДАСТРИ" ЖШС KZ2P00009665 (ARCDpp3) облигациялары KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

21.04.23 13:02
/KASE, 21.04.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2023 жылғы 19 сәуірде "АРКАДА ИНДАСТРИ" ЖШС (Қарағанды) KZ2P00009665 (ARCDpp3; 100 000 теңге, 340,0 млн теңге, 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 26,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 21 сәуірінен бастап күшіне енеді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/ARCDpp3/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-04-21]