31 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "ЛОГИКОМ" АҚ KZ2C00008886 (LOGCb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

30.03.23 11:23
/KASE, 30.03.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 31 наурызынан бастап "Логиком" АҚ (Алматы) KZ2C00008886 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, LOGCb4; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 28.03.23-28.03.28; жартыжылдық купон; жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/LOGCb4/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-03-30]