28 сәуірде сырттай дауыс беру арқылы "ЛОТТЕ Рахат" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

29.03.23 10:33
/KASE, 29.03.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОТТЕ Рахат" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 28 сәуірінде сырттай дауыс беру арқылы оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен өтетінін KASE-ге хабарлады: - жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы; - жылдық жалпы жиналыстың есеп комиссиясының құрамы туралы; - Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы; - компанияның 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есеп беруілігін бекіту туралы; - компанияның 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау туралы. Компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы; - компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары және оларды 2022 жылы қарау қорытындылары туралы. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_special_shareholders_meeting_info_280423_811.pdf [2023-03-29]