28 наурыздан бастап "AMF Group" АҚ KZ1C00000512 (AKFI) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

27.03.23 16:55
/KASE, 27.03.23/ – Қазақстан қор биржасы листингтік комиссиясының (KASE) 2023 жылғы 27 наурыздағы шешімімен KASE ресми тізімінен "AMF Group" АҚ (Астана) KZ1C00000512 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, AKFI) жай акциялары алынып тасталды. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 28 наурызынан бастап күшіне енеді. Бұл шешім "AMF Group" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталған акциялар 2002 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ресми тізіміне "B" санаты бойынша енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатына ауыстырылды. Олармен сауда-саттық 2002 жылдың 18 шілдесінен бастап ашылды. Бұдан брын осы тақырып бойынша KASE 2023 жылдың 02 наурызындағы "AMF Group "АҚ акционерлері KZ1C00000512 (AKFI) жай акцияларын ерікті түрде KASE делистингілеу туралы шешім қабылдады" жаңалығы жарияланды – https://kase.kz/kz/news/show/1497624/ [2023-03-27]