28 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

28.02.23 09:42
/KASE, 28.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 ақпанынан бастап KASE орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 09 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 109наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 13 наурызынан бастап қайта басталады. [2023-02-28]