21 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Батыс транзит" АҚ KZ000A0T88N8 (BTTRb1) облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды

21.02.23 10:04
/KASE, 21.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 ақпанынан бастап KASE-де "Батыс транзит" АҚ (Алматы) KZ000A0T88N8 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTTRb1) облигацияларының сауда-саттығы қайта басталғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2023 жылдың 03 ақпанынан бастап тоқтатылды. Аталған облигациялардың сауда-саттығы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 14 ақпанында тіркеген облигациялар шығару аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды KASE алуына байланысты жаңартылды, түзетулерге сәйкес ковенантты белгілеу бөлігінде өзгертулер енгізілді. Көрсетілген облигацияларды шығару аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-ресурсында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttrf9_BTTRb1_izm_140223.pdf [2023-02-21]