15 ақпаннан бастап ресейлік эмитенттердің бағалы қағаздары KASE ресми тізімінен шығарылды

15.02.23 10:55
/KASE, 15.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінен ресейлік эмитенттердің мынадай бағалы қағаздары алынып тасталды: 1) "Аэрофлот - российские авиалинии" КАҚ RU0009062285 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, RU_AFLT) жай акциялары; 2) "Газпром" КАҚ RU0007661625 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, RU_GAZP) жай акциялары; 3) "Норильский никель" КАҚ RU0007288411 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, RU_GMKN) жай акциялары; 4) "Лукойл" КАҚ RU0009024277 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, RU_LKOH) жай акциялары; 5) "Магнит" КАҚ RU000A0JKQU8 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, RU_MGNT) жай акциялары; 6) "Новолипецкий металлургический комбинат" КАҚ RU0009046452 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, RU_NLMK) жай акциялары; 7) "Ростелеком" КАҚ RU0008943394 (KASE негізгі алаңы, «стандарт» санаты, RU_RTKM) жай акциялары; 8) Управляющая компания "Восток-Запад" ЖШҚ басқаруындағы "Индустрия будущего" нарықтық қаржы құралдары ИИПҚ RU000A100S25 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, RU_UKFFib) пайлары; 9) "Управляющая компания "Восток-Запад" ЖШҚ басқаруындағы "Фонд первичных размещений" нарықтық қаржы құралдарының ЖИПҚ RU000A101NK4 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, RU_UKFFipo) пайлары; 10) "Управляющая компания "Восток-Запад" ЖШҚ басқаруындағы "Фонд ВДО развивающихся российских компаний" нарықтық қаржы құралдарының ЖИПҚ RU000A1027E5 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, RU_UKFFvdo) пайлары. Аталған бағалы қағаздармен KASE-дегі сауда-саттық 2022 жылдың 01 наурызынан бастап тоқтатылды. Көрсетілген бағалы қағаздарды KASE ресми тізімінен шығару туралы шешім KASE Листингілік ережелеріне сәйкес қабылданды. [2023-02-15]