01 наурызда сырттай дауыс беру арқылы "AMF Group" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

26.01.23 17:30
/KASE, 26.01.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Астана) 2023 жылдың 01 наурызында сырттай дауыс беру арқылы оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін KASE-ге хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе KASE тізімінен "AMF Group" АҚ KZ1C00000512 (AKFI) жай акцияларының ерікті делистингін өткізу мәселесі болып табылады. Жиналыс туралы толық ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/AKFI/akfi_special_shareholders_meeting_info_010323_23.pdf [2023-01-26]