"ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00002749 (KAFIb3) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

26.01.23 10:28
KASE, 26.01.23/ – "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 24 қаңтарында өзінің KZ2C00002749 (KAFIb3) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, оның шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша 17-ші купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 17 630 340 000,00 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 16 952 250 000,00 теңге, 17-ші купондық сыйақы - 678 090 000,00 теңге. [2023-01-26]